RU
Толық нұсқаға өту

Елена Бахмутова зейнетақы жарнасын жинаудың негізгі мақсатын атады

09.06.2026, 21:31 189

Зейнетақы төлемдері бұрынғы жалақының кемінде 40%-ын құрауы тиіс.

Сонда ғана бейнеттің зейнетін көрер шақта азаматтың кірісі жеткілікті болады. Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері осылай деді. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы да бұл пайымды қолдап отыр. Кеңес төрағасы Елена Бахмутованың айтуынша, зейнетақы жарналары азаматтардың жеке жинағы деп есептеледі. Әркім оны өз қалауына қарай жұмсағысы келеді. Бірақ бұл жарналарды болашақта зейнетақы алу үшін жинайды. Негізгі мақсат сол. Сондықтан міндетті зейнетақы жарналарының деңгейін сақтау өте маңызды, деді Кеңес төрағасы.

Елена Бахмутова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы:

- Жақында жарияланған зейнетақы жинақтарының шекті мөлшері қоғамда үлкен дау тудырды. Иә, жастарға белгіленген сома үлкен. Бірақ қартайғанда өзін лайықты табыспен қамтамасыз етуге соның өзі жеткілісіз. Сондықтан жастар жұмыс істеп, жарна төлеуді жалғастырады деп есептейміз. Жалпы зейнетақы жарналарын шотта сақтау өте маңызды. Ал зейнетке жақындаған азаматтарға жарналардың ең төменгі шекті мөлешері тіпті көбейді. Бұл бұрынғы табыстың 40% көлеміндегі зейнетақы төленуі үшін жасалған қадам.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz