RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте қарттар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік қолдау күшейтілді

09.06.2026, 22:46 137

Шымкентте егде жастағылар мен ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілді.

Қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашылып, зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге бар жағдай жасалды. Сондай-ақ аутизм диагнозы қойылған балаларды қоғамға бейімдеу үшін  тың терапиялар қолданылуда.

Жетпіс жастағы Бақыт Нұржауова йогамен айналысып жүр. Салауатты өмір салтын сақтау үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында кәсіби жаттықтырушыдан тәлім алып, тегін шынығады. Жаттығу түрі де жас ерекшелігіне қарай таңдалады. 

Бақыт Нұржауова, қала тұрғыны: 

- Көңілді жүрудің адамға пайдасы көп. Жасарып жатқан сияқтымын. 70 жасқа келді деп бізді ешкім айтпайды қазір. 

Әлеуметтік орталық «Самұрық-Қазынаның» қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ашылды. Мұнда қариялар жаттығудан бөлек еңбекпен шұғылданып,  арт-терапиялық ем қабылдайды. Зияткерлік ойындарға қатысып, ән мен би үйірмелерінде шығармашылығын дамытады. Сонымен қатар мамандардан психологиялық көмек алады.

Альфия Адиева, "Samruk-Kazyna Trust" КҚ Бас директоры:

- Бұл жерге шамамен 200-ге жуық шымкенттік қарттар барады. Дәл осындай орталық Тараз каласында да ашылған болатын. Жыл сайын 1 миллионға жуық азаматтарға көмек беріп келеміз. 

Егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаумен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетудің кешенді жүйесі қалыптасты. Қазір өңірде корпоративтік қордың демеушілігімен балалардың ерте жасынан 18 жасқа дейінгі кезеңін қамтитын үш бірдей арнайы орталық жұмыс істейді.

Арайлым Бердібай, қала тұрғыны:

- Бұл жерге келгелі баламның түсінігі жақсарды ойлауы, сөздері. Мысалы, қазір өзіне керегін айта алады. Комплекстің арқасында жақсы результаттар көріп жатырмыз.

Инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған инвестиция көлемі жыл санап артып келеді. Соңғы он жылда «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры арқылы елде 434 әлеуметтік жоба қолға алынып, 274 әлеуметтік нысан қолданысқа берілді.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Бекмұратов, Нұрмахан Мұсатов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz