Бюджеттен бөлінген қаржы есебінен былтыр 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді.
10 мыңнан астам студентке шақталған 30 жатақхана пайдалануға берілді. 2025 жылы мемлекеттік қаржының игерілуіне қатысты Қаржы министрі Мәжіліс отырысында осыдай мәлімет келтірді. Мәди Тәкиевтің айтуынша, былтыр елдегі 7 500 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 23 600 студент-магистранттары мен докторанттар жатақханамен қамтылды. Сонымен бірге барлық қаржы көзі есебінен 2025 жылы 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал әлеуметтік осал топтары үшін 5 мыңнан астам баспана сатып алынды. Осылайша, Қаржы министрі үкіметтің барлық әлеуметтік міндеттемесі орындалғанын жеткізді.
Тегтер #үкімет #әлеуметтік міндеттемелер #қаржы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz