Ресейден Қазақстан даласына жеткізілген 4 жолбарысқа есім берілді.
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватындағы жыртқыштардың жаңа аты екі елдің ынтымақтастығы және өңір табиғатына байланысты қойылған. Мамандар аталық жолбарысты «Амур» деп атаса, аналық жолбарысқа «Үміт» деген есім берілді. Ал еркек күшік Тұран, ұрғашы күшік – Уссури. Қазір аңдар мамандар мен ветеринариялық қызмет өкілдерінің тұрақты бақылауымен бейімделу кезеңінен өтіп жатыр. Жануарлар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп жатыр, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Тегтер #жолбарыс #Ресей #есімдер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz