RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

10.06.2026, 15:27 42

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Alatau City инвестициялық жобасы таныстырылды. 

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың ірі инвестициялық қорлары мен технологиялық компаниялары қатысты. Кездесулер нәтижесінде өнеркәсіп, энергетика, логистика, жоғары технологиялар және цифрлық экономика салаларында жалпы құны 6 миллиард АҚШ доллар болатын жобаларды іске асыруға бағытталған 24 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Сондай-ақ Алатау қаласын дамытуда Шэньчжэньнің Смарт сити, электр көлігі және инновациялық өндірістер саласындағы озық тәжірибесін пайдалану жоспарланып отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Алатау қаласы инновациялар, цифрлық басқару және инвестициялар тарту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Шэньчжэнь тәжірибесіне ерекше назар аударып отыр. Біз Қытай мегаполисінің озық тәжірибелерін пайдалануды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, жасанды интеллектке сүйеніп, Smart City технологияларын енгізу туралы келісімдерге қол қойдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz