RU
Толық нұсқаға өту

Конституциялық сот азаматтар құқығын қорғады

10.06.2026, 17:30 36

Конституциялық сот азаматтар құқығының бұзылуына қатысты үш іс бойынша шешім шығарды. Соның бірінде азаматқа заңнама нормаларын қате түсіндіру салдарынан оның еңбек құқықтары шектелген.

Конституциялық сот аппараты бөлім меңгерушісінің орынбасары Қайрат Исмағұловтың айтуынша, жұмыс беруші сыбайлас жемқорлыққа барған қызметкермен еңбек шартын бұзған. Алайда сарапшылар бұл құқық бұзушылық оның кәсіби қызметімен тікелей байланысты емес екенін атап өтті. Өтінішті қараған Конституциялық сот азаматтың еңбек құқығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін түсіндірме әзірледі.

Назгүл Тұяқбаева, ҚР Конституциялық сотының талдаушысы:

- Бұл үш норма Конституцияда кез-келген адамға кепілдендірілген. Бұл яғни еңбек ету құқығына байланысты, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын шектеу нормаларына байланысты және де Конституцияның 20, 18, 44-бабында көрсетілген нормаларына сәйкестігін қарау мәселелеріне байланысты қорытынды шешімдері болатын. Конституциялық соттың шешімі жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz