RU
Толық нұсқаға өту

Шомылу маусымы басталғалы 10 адам жазым болған

10.06.2026, 17:40 34

Соңғы екі жылда елімізде 287 адам суға кеткен. Ал биыл бақилық болған он адамның жетеуі бала. Мамандар қауіпсіздік шараларын түсіндіргенімен ескертуді елемейтіндердің азаймай жатқанын айтады.

Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымында ең көп қайғылы жағдай тіркелетін өңірлерді де атады. Ол Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары екен. Бүгінде елде 50 мыңнан астам су айдыны бар. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін 50 құтқару станциясы мен 200 жылжыламлы құтқару бекеті жұмыс істеп тұр. Министрлік қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Ал айтылған ескертулерге құлақ аспағандарға айыппұл салынады.

Әсет  Жылқайдаров, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары:

- Қазіргі таңда 2026 жылы 265 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш. Лауазымды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік объектілеріне 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz