Қазақстанның 13 өңірінде декреттік төлемдерді заңсыз алу фактілері бойынша 38-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, тергеу аясында мыңнан астам әйел күдікке ілінген.
Вице-министрдің айтуынша, алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллиард теңгені құрайды.
“Қазірдің өзінде тоғыз қылмыстық іс бойынша осы заңсыз схемаларды ұйымдастырған тұлғаларға қатысты сот үкімдері шығарылды”, – деді Шегай.
Министрлік мәліметіне сәйкес, заңбұзушылықтар Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті жүргізген ішкі тексерістер барысында анықталған.
Сонымен қатар Қаржы министрі Мәди Тәкиев бұл іске қатысты министрлік деңгейінде ішкі аудит жүргізіліп жатқанын және оның ай соңына дейін аяқталатынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда декреттік төлемдерді сот арқылы өндіріп алған жағдайлар да тіркелген.
Тегтер #декреттік төлемдер #заңсыздық #тергеу #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz