RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте аптап ыстықтан асфальт балқып жатыр

10.06.2026, 20:40 40

Шымкентте аптап ыстықтан асфальт балқи бастаған.  Осыған байланысты «Шымкент - Түркістан» тасжолы мен Солтүстік айналма жолында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мамандары мониторинг жүргізіп, төрт учаскеде ақау анықтады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша белгілер орнатылды. Арнайы бригадалар плиталарды қалпына келтіріп,  жол бетіндегі қысымды жеңілдету жұмыстарын жүргізуде.  Көлік жүргізушілері жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаса, - дейді жауаптылар.

Ербол Пірімбетов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры:

- Күннің қатты ысуы 15 күн шамасында болды. Күн температурасы Түркістан облысында 35-42-ге көтеріліп жатыр. Қазіргі таңда осындай 4 жерді анықтадық. 4 жерді қалпына келтіріп, жұмыстарды әлі де атқарып жатырмыз. Бір айдың көлемінде анализ жасап, ауа райына қарап отырамыз. Сол метрологиялық данныйларға қарағанда осы 1 ай қатты ыстық болады. Сол ыстықта кезекшілікпен тәулік бойы жұмыс істейміз.   

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz