RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтар үйленуге асықпайды: жаңа отбасылар саны 20 жылдағы ең төмен деңгейге түсті

11.06.2026, 13:12 45

Қазақстанда отбасын құруға ниетті жастардың саны жыл сайын қысқарып барады, деп хабарлайды «24KZ».

2026 жылдың алғашқы үш айында елде 21,6 мың неке тіркелген, өткен жылдың   сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.  Бұл – соңғы 20 жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі, деп жазды Finprom.kz.

Ал ажырасу көрсеткіші соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгейге жеткен.

Қаңтар-наурыз айларында 11,2 мың отбасы шаңырағын шайқалтқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жуық көп және соңғы жеті жылдағы ең жоғары көрсеткіш саналады.

Сарапшылардың мәліметінше, неке мен ажырасудың басым бөлігі қалаларда тіркеледі. Ең көп ажырасу Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында байқалған.

Айта кетейік, әлемдік зерттеулер де ажырасу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отыр. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш бойынша Жапония көш бастап келеді.

Мамандар отбасы институтын нығайту мәселесі қоғам үшін өзекті болып қала беретінін атап өтуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz