Атырауда отбасында бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сарсемалиев — 32 жастағы Наурыз бен 35 жастағы Мейрамгүлді қалай өлтіргенін баяндады,деп хабарлайды «24KZ».
«Наурыз бірден өлген жоқ. Менде алғаш рет осындай жағдай болды, мен тіпті мал да сойып көрмеппін», — деді Сұлтан.
Ол оқиғадан кейін аулада шамамен 15 минут отырып, кіреберіс есік ашыла ма деп күткенін айтты. Кейін үйге қайта кіріп, Наурыздың жерде жатқанын көрген.
Сәрсемалиев сотта Наурыз әлі тірі деп ойлағанын,егер аман қалса, бүкіл отбасына өлтірмек болғанын айтып қояды деп ойлағанын айтты. Сондай-ақ, айыпталушы оқиғадан кейін полиция шақыруды ойлаған, кешке дейін ой үстінде жүргенін айтты.
«Шынымды айтсам, шақырғым келді, бірақ менің бес балам бар, ең кішісі ол кезде 4 айлық еді. Әйелім оларға қарай алмайды. Содан не істерімді білмей жүрдім», — деді айыпталушы.
Сондай-ақ Сарсемалиев сотта Мейрамгүлдің өлімі туралы да айтып берді.Оның сөзінше, оқиға кезінде үйде балалар мен оның әйелі Ақбаян болған.
Сәрсемалиев қыздың ата-анасын өлтіргеннен кейін оны әйеліне көмектессін және жанында болсын деп, Жангелдин ауылынан өз үйіне әкелгенін айтты. Алайда олардың арасында жанжал туындаған.
«Ол менің ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Психикалық мәселелеріне байланысты ол анасының сөздерін бойына сіңірген.Бұрын анасы айтқан сөздерді қайталап отырды», — деді Сарсемалиев.
Жанжал Сәрсемалиевтің ашуын туғызған.
«Алдымен қолтық тұсынан, кейін беттен ұрдым. Аузын жабу үшін пышақпен бетіне ұрдым. Ол тіпті айқайламады. Маған ешқандай өкініш болмады. Үш кісі өлтіргеннен кейін, бәрібір болып кетеді екен», — деді ол.
Іс материалдарына сәйкес, Мейрамгүл Максот Қарабалин мен Насип Мұқанғалиеваны өлтірген пышақпен өлтірілген. Айыпталушының айтуынша, ол Мейрамгүлдің денесін Наурыз Мұқанғалиевтың денесі жасырылған жерге көміп тастаған.
Бұған дейін сотта айыпталушы Сұлтан Сарсемалиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның алғашқы жауап алу кезіндегі бейнежазбасы көрсетілген. Әйел не болғанын түсінбеген.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың соңында Жангелдин ауылында Акбаянның отбасы — ата-анасы, ағасы мен әпкесі із-түзсіз жоғалған кезде басталған. Қылмысты жасыру үшін күдікті көршілеріне олардың емделуге кеткенін айтып, марқұм 32 жастағы Наурыздың атынан мессенджер арқылы айлап хабарлама жіберіп отырған.
Шындық 2026 жылдың 6 қаңтарында ашылды — ауылдағы сарайдың астынан ерлі-зайыптылардың денесі табылған.
Басты күдікті — марқұм болған отбасының бұрынғы күйеу бала Сұлтан Сарсемалиев шетелге қашып кеткенімен, кейін ұсталып, Балиде (Индонезия) жұбайымен бірге депортацияланды. Қайта жауап алу кезінде ол туыстарын қатыгездікпен өлтіргенін мойындап, әйелінің ағасы мен әпкесінің денелерін қайда жасырғанын көрсеткен.
Сот процесі жалғасуда.
Тегтер #Атыыраудағы сот #Сәрсемалиев #қылмыс #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz