Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады.
Президентке бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді. Динара Зәкиева биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысына облыс әкімдіктерінде Балалар құқығын қорғау басқармаларын құру жұмысы аяқталып, олардың құзыреттері ұлттық заңнамада бекітілгені және ұйымдастыру рәсімдері жүріп жатқаны жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта қажетті ұйымдастыру рәсімдері қолға алынған. Сондай-ақ уәкіл 111 мемлекеттік байланыс орталығына түсетін өтініштер бойынша жүргізілген жұмысқа тоқталды. Аталған құрал іске қосылғаннан бері, яғни 2024 жылдың қазан айынан 2026 жылдың маусым айына дейін балалардан 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау келіп түскен. Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Бала құқықтары жөніндегі уәкіл #үкімет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz