RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің сыртқы саудасының 30 пайызы ЕО-ға тиесілі

11.06.2026, 23:45 29

Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы артып келеді. 

Былтырдың өзінде тараптар арасындағы сауда көлемі 45 млрд доллардан асқан. Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айында тауар айналымы 12,5 млрд долларға жетті. Бұл туралы «Қазақстан – Еуропалық Одақ» диалог платформасының 19-шы отырысында айтылды. Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Еуропа елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, ірі шетелдік бизнес-қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Жиында инвестициялық ахуалдың өзекті мәселелері, техникалық стандарттар, кедендік әкімшілендіру тақырыбы талқыланды. Сондай-ақ геологиялық барлау және аса маңызды минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жайы қаузалды. Үкімет басшысының айтуынша еліміздің сыртқы саудасының 30 пайыздан астамы Еуропалық Одақтың үлесінде. Ал ел экономикасына құйылған еуропалық инвестициялардың жиынтық көлемі 200 млрд доллардан асқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz