RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ пен қытай шегірткеге қарсы күреседі

12.06.2026, 07:10 35

Қазақ-қытай ғалымдары шегірткеге қарсы препарат жасап, Түркістан облысында сынақтан өткізді. Тәжірибе Қазығұрт ауданында жайылымдық алқапта жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша, өңдеуден кейін үшінші тәулікте зиянкестер зақымданған. Бесінші күні шегірткенің 70-80 пайызы, тоғызыншы тәулікте дер-лік жойылған.  Мамандардың айтуынша, препарат химиялық дәрілер тәрізді емес, экологиялық тұрғыда қауіпсіз. Сынақтар алдағы уақытта елдің өзге аймақтарында жалғасады.

Жан Ниязбеков, Өсімдіктерді біріктірілген қорғау бөлімінің меңгерушісі:

- Бұл энтомопатогендік саңырауқұлақ негізінде жасалған биологиялық препарат. Metarhizium anisopliae деп айтылады. Қазақстанда тізім бар. Химиялық пестицидтердің тіркелген препараттарының тізімі. Соның ішінде биологиялық препараттардың үлесі екі пайызға да жетпейді. Тиімділігі әрине, сәл төмендеу болғанымен мал ағзасына да, қоршаған ортаға да өте зиянсыз болып келетін биологиялық препараттар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz