Алматы халықаралық әуежайында болған оқиғаға қатысты Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 11 маусым күні құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары, атап айтқанда құбырлар құлаған. Оқиға әуежай аумағындағы құрылыс алаңында болған.
Қазіргі таңда Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті материалдарды жинақтап жатыр. Кейін олар жоспардан тыс тексеруді тіркеу үшін прокуратура органдарына жолданады, - делінген хабарламада.
Жоспардан тыс тексеру барысында құрылыс нормаларының сақталуы, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының ұйымдастырылуы заң талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады.
Егер заңнама талаптарының бұзылғаны анықталса, жауапты тұлғаларға қатысты қолданыстағы заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, куәгерлердің айтуынша, әуежайдағы құрылыс жұмыстары кезінде биіктен құлаған үлкен темір құрылғы адамдардың жанына түскен.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #әуежай #оқыс оқиға #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz