RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысында жасөспірім босанды: іс бір жылдан бері сотқа жетпеген

12.06.2026, 10:26 58

Жамбыл облысында ақыл-есінде кемістігі бар жасөспірім қыз кесарь тілігі арқылы босанды, деп хабарлайды «24KZ»  “Информбюро” -ға сілтеп.  

Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы, алайда қыз ана атанғанын толық түсінбейді.

“Анасының да, баласының да жағдайы, дендері сау. Енді тиісті ұйымдарға тапсырылады. Бұл өзінің тұрғылықты жеріндегі емханада арық қарай бақылау жүргізіледі. Ана мен балаға 1 ай көлемінде көмек көрсетілді”, – деді Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Гүлзада Әшірбаева. 

Жеткіншектің жақындары оны топтасып зорлады деген күдіктілердің әлі бостандықта жүргенін айтып, қылмыстық істің бір жылдан бері сотқа жетпегеніне наразы.

Қыздың анасы тергеу барысында қысым көргенін айтып, күдіктілер тарапынан кешірім беруге мәжбүрлеу болғанын мәлімдеді.

Қыздың анасының айтуынша,  “ Күдіктілердің орнына өзіңді апарып қамаймын деді. Резонанс тудырта берме деп “балаларыңды қайта балалар үйіне алып кетеміз” деп қорқытты. Содан кейін мен резонанс тудыртпадым. Ешқайда бармадым. Содан бері тергеу амалдары тоқтап тұр”, – дейді.

Ал, полиция сәбидің әкесі болуы мүмкін жеті күдікті бар екенін растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ДНҚ сараптамасын жүргізу үшін жәбірленушінің босануын күткен. Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бір жылға созылған қылмыстық іс енді сотқа жолданбақ, ал жәбірленуші тарап барлық кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz