RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімделген

12.06.2026, 13:00 37

Астанада шетелдіктерге заңсыз ЖСН рәсімделген. Өзге ел азаматтары қазақстандық құжатты елге келмей-ақ, онлайн алып отырыпты.

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді. Заңға сәйкес ЖСН алу үшін өтініш беруші Қазақстан аумағында міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Алайда «2024–2025 жылдары аралығында бұл талап сақталмады», - дейді құзырлы орган. Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтарын іздеп, заңсыз құжатты сатып отырған. «Бармақ басты, көз қысты» әрекет Халыққа қызмет көрсету орталығында жасалған. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген. Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz