Фитосанитарлық мониторинг барысында 30 мың гектар аумақта зиянкестердің ошағы анықталды.
Оның ішінде 6,2 мың гектар жердегі шегірткелер саны экономикалық зияндылық шегінен асып, химиялық өңдеуге жатқызылған. Қазіргі таңда аталған алқаптардың барлығы толық өңделді. Үйірлі шегірткелерге қарсы жоспарланған жұмыстардың 41 пайызы орындалған. Ең көлемді жұмыстар Баянауыл ауданында атқарылып, 2,5 мың гектар жер қамтылды. Сонымен қатар Ақсу қаласының ауылдық аймағында 812 гектар, Аққулы ауданында 702 гектар және Май ауданында 160 гектар алқап өңделді. Жалпы биыл облыс бойынша шегірткелерге қарсы 50 мың гектарға жуық жерді өңдеу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, өңірдегі фитосанитарлық ахуал тұрақты.
Арман Шүйкенов, ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
- Химиялық өңдеу жұмыстары облыстың барлық 10 ауданында, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында жоспарланған. Айта кету керек, биыл итальяндық прусқа қарсы өңдеу көлемі 12, 7 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге төмен, азайған. Бұл зиянкестер санының табиғи биологиялық төмендеуімен және өткен жылы жүргізілген іс-шаралардың тиімділігімен байланысты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #шегірткемен күрес #ПавлодарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz