RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

е-Ымдау» ым-ишарат сөздігі ресми түрде пайдалануға берілді

12.06.2026, 14:37 41

Қазақстанда «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейне сөздігі іске қосылды. Жаңа цифрлық ресурс есту қабілеті бұзылған азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды «24KZ».

Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен іске асырылды.

«е-Ымдау» бейне сөздігі сөздер мен ұғымдарды ым-ишараттар арқылы көрнекі түрде түсіндіретін интерактивті деректер базасына негізделген. Автоматтандырылған іздеу жүйесінің көмегімен пайдаланушылар қажетті сөзді жылдам тауып, оның дұрыс ым-ишараттық нұсқасымен таныса алады.

Жаңа ресурс есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің білім алуына, еркін қарым-қатынас жасауына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Бейне сөздік қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оны App Store арқылы жүктеп алуға немесе Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайты арқылы онлайн пайдалануға болады.

Жоба аясында 21 лексикалық тақырып қамтылған. Мамандардың айтуынша, жаңа ресурс есту қабілеті бұзылған азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтіп, ым-ишараттық тілді үйренуді жеңілдетуге және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

«е-Ымдау» бейне сөздігінің іске қосылуы ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтардың сапалы білім алуына және қоғам өміріне толыққанды қатысуына қосымша мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz