Астанада тегін қазақ тілі курсы ашылады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, өтініштер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қабылданады. Курс 3 тамыз күні басталады.
Оқыту форматы: офлайн және онлайн. Сабақ аптасына 3 рет өтеді. Курс соңында арнайы сертификат табысталады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана #тіл курсы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz