Кітап оқып, IPHONE ұт!
Хабар арнасындағы «Оян» таңғы ойын-сауық бағдарламасы көрерменге «Кітап оқитын ұлт» айдарын ұсынады. Айдардың ерекшелігі сол – әр жұма күні аймақ әкімдері қандай да бір әдеби шығарманы оқуды ұсынып, эстафетаны өзге өңірдің әкіміне тапсырады. Келесі аптаның жұмасына дейін туындыны оқып шыққан көрермен тікелей эфирдегі «Оян» бағдарламасына хабарласып, кітапқа қатысты сауалға жауап бере алады. Сұраққа дұрыс жауап берген көрерменге соңғы үлгідегі IPHONE смартфоны табысталады. Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов әйгілі жазушы Оралхан Бөкейдің әйгілі “Кербұғы” шығармасын оқуды ұсынды. Демек, келесі жұма күні сағат таңғы 7:00 мен 9:00 аралығында «Хабар» арнасының таңғы эфирінде Оралхан Бөкейдің “Кербұғы” шығармасы бойынша интеллектуалдық сайыс өтеді. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан әкімі кітап ұсынудың ендігі кезегін Ұлытау облысының басшысы Дастан Адайұлына табыстады.
Тегтер #Хабар арнасы #Кітап оқитын ұлт #жоба #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz