RU
Толық нұсқаға өту

«Қазцинк» қызметкерлері «Алтын Гефест» сыйлығын алды

12.06.2026, 21:34 34

Металлургтерге арналған «Оскар».

Астанада «Алтын Гефест» сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. Онда геология, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне өмірін арнаған кәсіби мамандар арнайы марапатқа ие болды. Биыл бұл сыйлық 15 аталым бойынша берілді. «Казцинк» компаниясының қызметкерлері де қанжығасын майлап қайтты.

Кен-металлургия саласындағы ең беделді марапат болып табылатын «Алтын Гефест» сыйлығын 8 рет еншілеген казцинктіктер тағы да олжалы болды. Бұл жолы 30 жылға жуық өмірін кен игеруге арнаған Мұрат Сәбитов «Жыл кеншісі» аталымының жеңімпазы атанды.

Мұрат Сәбитов, «Жыл кеншісі» аталымының жеңімпазы:

- Мен негізі вагон-жеткізу машинасының машинисімін. Кен тасымалдаймын. Жұмыс ауысымымыз 10 сағатқа созылады. Бір техникаға арналған ауысымдық жоспар – 200 тонна кен. Өз мамандығымды құрметтеймін. Одан басқа немен айналысатынымды да білмеймін. Бүгінгі марапатқа өте қуаныштымын, мақтан тұтамын. Еңбегімізді бағалағандары үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Қазылар алқасы мұндай марапатқа кәсібіне адал және оған көп жылғы еңбегі сіңген адамдарды таңдайды. Алайда заманауи технологияларды енгізуге үлес қосқан мамандарды да елеусіз қалдырмайды. Солардың қатарында Жәйрем тау-кен байыту комбинаты бөлімшесінің басшысы Сағынғали Хамитов бар. Оның жетекшілігімен өндірістегі қауіпсіздік деңгейі артып, тау-кен техникасының өнімділігі жақсарған.

Сағынғали Хамитов, «Жыл тау кеншісі» аталымының жеңімпазы:

- Жаңа технологияларды енгізу, қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаға қамқорлық жасау – компания дамуының негізгі бағыттарының бірі. Алайда ең басты құндылық – адам өмірі. Кәсіпорын 20 мыңға жуық қызметкердің адал еңбегінің арқасында саладағы көшбасшылық орнын сақтап келеді. Ал олардың ішіндегі үздіктер бүгін лайықты марапатқа ие болды.

Әлішер Әли

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz