RU
Толық нұсқаға өту

Газ құбыры тартылған жерде қандай қауіпті ескерген жөн?

12.06.2026, 21:50 33

Еліміздегі магистральдық газ құбырының жалпы ұзындығы 22 мың шақырымға жетті.

Желінің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы алқабы, елді мекендер мен өндірістік нысандардың маңынан өтеді. Сондықтан «Интергаз Орталық Азия» компаниясының мамандары қауіпсіздік ережесіне баса мән беру қажеттігін ескертеді. «Бұл тұтынушыларды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» дейді. Газ құбыры тартылған жерде нені ескеру керек? Қандай шектеу бар?

Магистральдық газ құбырының басым бөлігі жер астымен өтеді. Орналасқан тұсына арнайы белгі қойылады. Сондай құбыр желісі өткен жер қорғау аймағы деп аталады. Оған белгі орнатылып, қауіпсіздік талабы күшейеді. Бұл аумақта құрылыс жұмысын жүргізген кезде газдың инфрақұрылымына зақым келу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Ержан Қарақұлов, "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Алматы МГҚБ" желілік өндірістік басқармасының бастығы:

 Магистральдық газ құбыры стратегиялық маңызы бар қауіпті өндірістік нысан.Сондықтан оның қорғау аймағында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Рұқсатсыз құрылыс жүргізуге, ағаш егуге, отырғызуға және басқа да жұмыстарды атқаруға болмайды.

Құбырдың екі жағындағы 50 метрге дейінгі жер қорғау аймағына жатады. Одан елді мекендерге, тұрғын үйлерге және өзге де нысандарға дейінгі ең аз арақашықтық құбырдың диаметріне және нысанның сипаттамасына байланысты 100-ден 350 метрге дейін өзгеруі мүмкін.

Айдын Ералы, "Интергаз Орталық Азия" АҚ "Алматы МГҚБ" филиалының директоры:

- Газ тасымалдау жүйесінің нысаны жоғарғы қауіпті санатқа жатады. Сондықтан да белгіленген нормалар мен талаптарды қатаң сақтауға тұтынушылардың сенімді әрі үздіксіз газбен жабдықтаудың маңызды шарты болып табылады. Осы қағидалардың бұзылуы инфрақұрылымның зақымдалуына жүйенің жұмысына кедергі келтіріп, газ берудің уақытша тоқтатылуына алып келуі мүмкін.

Қауіпсіздік ережесі инфрақұрылымның бүлінуіне жол бермейді. Газды үздіксіз жеткізіп тұрады. Сондықтан газ құбыры маңында жұмыс бастамас бұрын жер астында желінің бар-жоғын алдын ала біліп алған жөн.

Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz