RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында 44 спорт нысаны салынды

12.06.2026, 22:15 35

Қостанай облысында соңғы жылда жаңадан 44 спорт нысанын салды.

Соның басым бөлігі ауылды жерлерде. Инфрақұрылымның дамуымен өңірде тұрақты түрде спортпен айналысушылар көбейген. Қазір бұл көрсеткіш жалпы халық санының 50 процентіне жуық.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының көмегімен 2 жыл бұрын Денисов ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді. Аумағы 1700 шаршы метр нысанда волейбол, шағын футбол, бокс, күрес залдары жабдықталған.

Мансұр Жусан, Денисов ауылының тұрғыны:

- Маған бәрі ұнайды мұнда. Мұнда жуынатын бөлмелер, шешінетін бөлмелер бар. Барлық жағдай жасалған. 

Өңірде спорттық инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен соңғы үш жылда 20 миллиардтан астам теңге бөлінді.

Бақтияр Қоспанов, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а.:

-  Спорттық инфрақұрылымға бізде сұраныс жоғары. Үш жылдың ішінде облыста 16 дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғызылды. Сондай-ақ 8 хоккей корты, екі ангарлы үлгідегі спорт залы, 28 спорт алаңы салынды. 

Ал «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан бойынша 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салды. Және олар мұнымен шектеліп қалмақ емес.

Әлфия Әдиева, "Samruk-Kazyna Trust" қорының бас директоры:

- Біз әрине мұнымен тоқтамаймыз. Спорт кешендерін ашу жұмыстарын жалғастырудамыз. Биылдың өзінде 11 спорт кешенін салуды біз бастап кеттік. Сол 11 спорт кешенінің үшеуі бұл инклюзиялық спорт кешендері болып табылады. Бұл жерде арнайы бассейн, яғни ерекше азаматтардың да тепе-тең құқықта спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалатын болады. 

Инфрақұрылымның қарқынды дамуының арқасында бұқаралық спортпен қамтылған адамдардың саны шамамен 5 процентке артты. Қазір өңір тұрғындарының 46,7 проценті тұрақты спортпен айналысады.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz