Қызылордалық өрт сөндірушілердің техникалық паркі жаңа көліктермен толықты. Төтенше жағдайлар министрлігі өңірдегі құтқару қызметіне 11 арнайы техника табыстады.
Сонымен қатар Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Өңірдің төтенше жағдай қызметіне 5 өрт сөндіру және 6 қызметтік көлік алынған. Жаңа техникалардың кілтін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев табыстады. Сондай-ақ қызметінде мінсіз болған бірқатар сала мамандары марапатталды. Ведмоство басшысы Саяхат ықшам ауданындағы күрделі жөндеуден өткен №6 өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты.
Жасұлан Түйменов, ТЖД Бастығының бірінші орынбасары:
- Соңғы үш жылда республикалық және облыстық бюджеттен 51 автокөлік табысталды. Қазір техникалар 88 пайызға жарақталды. Облыс әкімінің қолдауымен 2 миллиард 815 миллионға 20 автокөлік табысталған жағдайда облысымыз 100 пайыз техникамен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар Қарауылтөбе ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында бой көтерген. Мұндағы мамандар шалғай елді мекендерде төтенше жағдай орын алса, жедел көмекке аттанбақ.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі
- Кеше Қамыстыбас, Жанқожа батыр ауылдарында дәл осындай заманауи ауыл құтқарушылардың бекетін аштық. Былтыр алтау ашылған болатын. Енді биыл алты бекеттің құрылысы аяқталды. Жыл аяғына дейін тағы 23 ерікті өрт сөндіру бекетін ашатын боламыз.
«Ауыл құтқарушылары» бекетінде арнайы дайындықтан өткен ерікті мамандар қызмет етеді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда #техникалар #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz