RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да 94 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылады

14.06.2026, 10:17 43

Шығыс Қазақстан облысында биыл әрбір оқушыны жазғы демалыс бағдарламаларымен қамту көзделген.

Бұл мақсатта өңірде сауықтыру лагерьлері, аулалық клубтар, дамыту орталықтары және туристік бағыттар жұмыс істейді. Бағдарламалар балалардың бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған. Зайсан ауданындағы «Бәйтерек» сауықтыру кешені толық жаңғыртудан өтіп, балаларды қабылдауға әзірленді. Мұнда қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, демалыс пен тәрбиелік жұмыстарға ерекше көңіл бөлінген.

Зайсандағы сауықтыру лагері оқушыларды қарсы алуға биыл ерекше әзірленді. Талай жылдан бері жаңғырту болмаған нысанның іші-сырты жөнделді.Төсек орындары да толық жаңартылды. Медициналық пункт, асхана мен санитарлық торап түгелдей ауыстырылды. Өйткені жаз бойы жүздеген бала осында табиғат аясында тегін демалады. 

Әділ Әбсәлімов, лагерь басқарушысы:

-Бұрынғы ескі нәрселермен отырған едік, қазір ақша аударылғаннан кейін  түгел жаңаланып, жабдықталды.  Төрт уақыт ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, жаңағы жатар орны 100 балаға ауданнан бөлінген бюджеттік ақшаға істеліп отыр.

Ауыл-аймақ балалары өлкенің ең әдемі жерлерін аралайды. Мәселен, Дарын сауықтыру-лагеріне облыстың түкпір-түкпірінен үздік оқушылар жиналды. Тарбағатайдың Тұғыл ауылынан келген Айзада Кеңесова  пәндік олимпиада жеңімпазы. Жазда гаджет бетіне телміріп отырудан көрі жаңа достармен танысып, танымдық ойындарды меңгергенді жөн көреді. Сондықтан лагерь бағдарламасына үшінші жыл қатарынан қатысып отыр.

Айзада Кеңесова, 8-сынып оқушысы:

- Біз лагерьде көп уақыт даладамыз, таза ауада өткізгендіктен телефон қолданбаймыз,соның арқасында біз денсаулығымызды тынықтырамыз. Маған лагерде болу өте қатты ұнайды, себебі бұл жерде  көп жаңа естеліктер болады.Сонымен қатар жаңа достар табасың.

Қала сыртындағы 12 сауықтыру лагерінде жалпы 10 мыңнан аса бала тынығады. Бұдан бөлек мектеп алды және бейімдік орталықтар, колледж қабырғасындағы клубтар да жүздеген оқушыны қабылдайды. Мамандардың айтуынша, олардың барлығына талап ортақ.

Әлима Ақылбек, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Медициналық кабинеттің болуы. Сыртқы қоршаулардың болуы, автобустардың болуы, тамақтану асханаларының болуы барлығы кіреді және бағдарламалардың болуы.Ол бағдарламаның барлығы сайтқа енгізіледі, сол сайтқа енгізіп оқу-ағарту министрлігімен келісу арқылы істеп отырмыз бүгінгі күні.

Демалыста жеткіншектерге туған өлке тарихын насихаттап, көрікті жерлерді таныстыру да қамтылған.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру тек оларды жазғы лагерьге апарумен ғана шектелмейді. Арасында қызықты жобалар да бар. Мәселен, бір топ оқушы кемемен Бұқтырма қоймасына саяхат жасайды. Ал зияткерлік ойын жеңімпаздары Берел қорғаны, Қиын керіш адырлары сынды тарихи орындарды аралайды.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz