RU
Толық нұсқаға өту

Цифрлық картаға 6 млн отбасы енді

15.06.2026, 08:10 43

Елде 1 млн-ға жуық азаматқа мемлекеттік қызмет проактивті түрде тағайындалды. Жалпы 2 млн 68 мыңнан аса қазақстандыққа мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін смс жолданған.

Бұл отбасының цифрлық картасының игілігі. Яғни әл-ауқаты осал отбасылар мен қиын жағдайда жүрген адамдарды өтінішісіз анықтауға мүмкіндік туды. Қазір цифрлық картаға 20 млн азамат жайлы деректер жиналған, олар 6,3 млн отбасына бөлінді. Мұқтаж жандарға 10 жәрдемақы мен әлеуметтік төлем жасалады. Хабарламалардың 2 түрі бойынша қызметтер алу мүмкіндігі бар.

Саяжан Ешанқұлов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының департамент директоры:

- Отбасының цифрлық картасы бұл бір үй шаруашылығының әлеуметтік жағдайын анықтап, сол отбасыға қандай мемлекеттік қолдау шаралары қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде айтатын болсақ, отбасындағы жалпы табысы есептеледі. Одан кейін әл-ауқаты, отбасындағы бар активтері, яғни тұрғын үй, көлігі бар. Жеке шаруашылығы бар. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар болатын болса, осы отбасының әл-ауқатын бағалауға мүмкіндік бар.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz