RU
Толық нұсқаға өту

Қонаев қаласындағы жағажайларда қауіпсіздік күшейтілді

15.06.2026, 08:20 37

Қонаев қаласындағы жағажайларда сағат 20:00-ден кейін шомылуға тыйым салынған. Өйткені қарақұрым халық қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді.

Қазір жаңа демалыс орындары іске қосылып, жағжайларда адам қарасы тіптен көбейіп жатыр. Қазір Қапшағай су қоймасының жағасында 6 коммуналдық, 140 жеке демалыс орны жұмыс істеп тұр. 

Қонаев қаласындағы №5 жағажай өткен жылы толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Мұнда қауіпсіздікке айрықша көңіл бөлінген. Жағажайда 12 құтқару мұнарасы орнатылып, 26 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Мадияр Зәкеров, Қонаев қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- 1 маусымнан бастап Қонаев қаласы шомылу маусымын бастады. Қазір №5 жағажайда үлкен жұмыс атқарылды. Буектар салынып, шағын кемелерге тұрақтар жасалды. Толықтай камералардың барлығы ЦОУ-ға қосылды. Әр 15 минут сайын бізде аудио хабарлама бар. «Балаларыңызды жалғыз қалдырмаңыздар», «мас күйде суға түсуге болмайды» деген үш тілде дауыс зорайтқышпен сөйлейтіні бар.

№5 жағажайды күрделі жөндеуден өткізу жобасы екі кезең бойынша жүзеге асты. Жалпы аумағы 120 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды. Жағажайға 21 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оны күрделі жөндеуден өткізуге 4 млрд теңгеден астам жеке инвестиция құйылды.

Мадияр Зәкеров, Қонаев қалалық ТКШ бөлімінің басшысы:

- №4 жағалауда инвестормен қазір жұмыс істеудеміз. Осы айдың аяғына дейін ол кісілер абаттандыру жұмыстарын бітіреді. 6 - 7 жағажайда реконструкция жүргізіліп жатыр. 54 павильон қойылды. Заманауи душ, дәретханалар қойылып, толықтай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 15 маусымға таман кезең-кезеңімен өткізіліп бастайды.

Қапшағай су қоймасына өткен жылы 1 млн 800 мың демалушы келді. Ал биыл бұл көрсеткіш екі миллиондық межені еңсереді деген болжам бар.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz