RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері бақылауға шықты

15.06.2026, 17:52 37

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері бақылауға шықты.

Олар елордадағы №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді. Бұндағы мақсат – азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағамдау. Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес мүшелері өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру тәртібі, «бір терезе» қағидатының сақталуы, цифрлық қызметтерді ұсыну тәжірибесімен танысты. Биыл азаматтарға 75 млн.ға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Орталық мемлекеттік органдар арқылы – 54 млн аса, жергілікті атқарушы органдар тарапынан 20 млн.ға тарта,  мемлекеттік корпорация арқылы 4 млн.дай қызмет көрсетілген.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халыққа қызмет ету саласында цифрландыру технологиясы қалай іс жүзіне асып жатыр? Және осы саланы қалай оңтайландыру керек, халыққа жақындату керек? Осы мәселені жан-жақты қарастыратын боламыз. Бұл жердегі ең негізгі мәселе құжат жүргізуді тездету, сосын адамдар құжат тапсырған кезде адамдардың қатысуынсыз сол құжатты алуға жағдай жасау. Бұл цифрландырудың келесі кезеңі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz