2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың жаңартылған үлгілік ережелері күшіне енеді. Бұл құжат коммуналдық қызметтердің жолдағы ақауларды жою мерзімін қатаң реттеп, көпқабатты үйлер мен жеке сектор аулаларындағы тәртіпті күшейтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Көлік қоюға толық тыйым салынатын орындар
Жаңа ережеге сәйкес, көлікті келесі жерлерге қоюға қатаң тыйым салынады:
тротуарлар
балалар ойын алаңдары
газондар мен жасыл аймақтар
абаттандыруға арналған аумақтар
қоқыс контейнерлері маңы
Сонымен қатар, аулаларда бөлшектелген немесе жарамсыз көліктерді (автохлам) қалдыруға да тыйым салынады.
Аулалардағы шектеулер
Тұрғындарға ортақ өткелдерді өз бетінше жауып тастауға болмайды. Яғни, бетон блоктар, бағаналар, шлагбаумдар және «лягушка» құрылғыларын жергілікті әкімдіктің рұқсатынсыз орнату заңсыз болып саналады.
Қауіпсіздік талаптары (люктер бойынша)
Жаңа талаптарға сай:
Ашық немесе зақымданған люк болса, 1 сағат ішінде қоршау қойылуы керек
5 сағат ішінде толық жөнделуі тиіс
Сонымен қатар люктің айналасындағы 1 метр аумақта ойықтар мен шөгу болмауы қажет.
Жеке секторға қатысты
Жеке үйлердің иелеріне де шектеулер енгізіледі. Үй ауласынан тыс (қоғамдық аумақтарда) келесі заттарды сақтауға тыйым салынады:
құрылыс материалдары
отын (көмір, отын)
тыңайтқыштар, көң
түрлі заттар мен көліктер
Алайда кейбір тұстар әлі нақты түсіндірілмеген: мысалы, «сақтау» мен «уақытша қоюдың» ара-жігі толық айқын емес.
Жаңа ережелер аулалар мен көшелердегі тәртіпті күшейтуге бағытталған, ал көлік қоюға қатысты талаптар қатаңдай түседі, дейді мамандар.
Тегтер #автотұрақ #үлгілік ереже #көлік қою #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz