Атырау облысындағы Жылыой ауданында нөсер жаңбыр салдарынан 1200-ден астам бас қой-ешкі шығын болды.
Қалың жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, ұсақ мал қырылып қалған. Құлсарыдан 120 шақырым қашықтағы Желтау, Сарықасқа жайлауына шыққан 11 шаруашылық табиғи апаттан зардап шекті. Қой-ешкінің қырылуының себебі жақында қырқымнан шыққан ұсақ мал табиғаттың оқыс құбылысына төтеп бере алмағаннан, дейді мамандар. Ал басқа отар дін аман. Аудан бойынша төтенше жағдай жарияланған жоқ.
Сайран Ғұднан, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Жалпы шығынға ұшыраған мал саны 1238 бас. Шығынға ұшыраған жануарларды жергілікті жердің ветеринар мамандары жергілікті әкімдіктермен... өлекселері түгелдей, өртеліп жойылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Енді біздің басқарма тарапынан аса қауіпті ауру анықталмағандықтан өтемақы төлеуге жатпайды.
Тегтер #Атырау облысы #нөсер #мал #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz