Атырау облысы Доссор кентінде Samruk-Kazyna қорының қолдауымен ашылған «Қара алтын» тарихи-танымдық кешені тұрғындар үшін руханияттың орталығына айналды.
Кітапхана мен музейге келуші көп. Мәдени нысанның Доссорда ашылуы тегін емес. 115 жыл бұрын осы жерде мұнай табылып, кен орыны игеріле бастаған еді. Орталықта өлкенің тарихымен танысып, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Жалпы Samruk-Kazyna Trust қоры өңірде бірнеше әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды.
Доссорда бұрын кітапхана мен музей ескі ғимаратта орналасты. Екі бірдей мәдени ошақ жаңа орталыққа көшті. Келушілерге бар жағдай жасалған. «Қара алтын» кешеніндегі кітапханада 30 мыңға жуық кітап, ал музейде 4 мыңнан астам тарихи жәдігер бар.
Мөлдір Ізтұрғанова, Доссор кентінің тұрғыны:
- Осындай кең сарайдай үлкен ғимаратта өзіміздің бос уақытымызды өткізуге қолайлы жағдай жасалып жатыр. Қатарласып, қасында мұражайы да қосылып жатыр. Кітапханаға келіп, сонымен қатар музейдегі экспонаттарды тамашалауға өте қолайлы деп ойлаймыз.
Samruk-Kazyna Trust қоры соңғы жылдары өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріп, біраз жобаны жүзеге асырды. Құлсарыда инклюзияны қолдауға арналған бес кабинет жұмыс істеп тұр. Ал Атырауда «Ерте араласу орталығы» мен «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды.
Самал Кенжеғалиева, қала тұрғыны:
- Осындай балаларға өте көп көмегі тиіп жатыр. Мамандары да жақсы. Балам келген кезде носилкамен келді. Қазір балтақпен басып, аяқ ісігі кетіп, жақсы результат көріп жатырмыз.
Альфия Әдиева, Samruk-KAZYNA TRUST қорының басшысы:
- Атырау облысының өзінде 30-дан астам жобаны жүзеге асырып, 13 млрд қаражат жұмсалған екен. Биылғы жылы 2000 шаршы метр болатын спорт кешені салуды бастамақшымыз. Бұдан бөлек ерекше балалардың және азаматтардың инклюзиялық спорт кешені салынатын болады осы Атырау қаласында.
Samruk-Kazyna Trust қоры 10 жыл ішінде еліміз бойынша 274 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында оңалту орталықтары, инклюзияны қолдау кабинеттері, спорттық және мәдени нысандар бар.
Асланбек Шығыр, Амантай Матенов
Тегтер #Атырау облысы #доссор #Samruk Kazyna #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz