Билік бизнес бастаймын дегендерге қайтарымсыз қаржы беруге бейіл.
Бұл жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мәлімдеді. Мемлекет мезіретін алу үшін не істеу керек? Қайда және қандай құжаттар тапсыру қажет?
Бірер күнде бизнес-идеялар байқауы басталып, гранттарға өтінім қабылданады. Ең алдымен ілкімді істің игілігін әлеуметтік әлеуеті төмен топтар көреді.
Бизнес бастаймын дегендерге қайтарымсыз қаржы беріледі. Мемлекет идеясы озық, халықтың қажетіне жарайтын әр әлеуметттік жобаға 1700 000 теңге көлемінде грант беруге бейілді. Ол үшін 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында өтінім жасау қажет. Бірінші лекте 3,7 мың үйлестіру жоспарланып отыр. Бас-аяғы биыл 9 мыңнан астам адам ілкімді істің игілігін көреді. Ал бұған дейін үш жылдың ішінде 27 мың жан грант иегері атанды.
400 АЕК - ₸1,7 млн
2026 жылы - 9 мың грант
2025 жылы - 9 241 грант
2024 жылы - 8 941 грант
2023 - 9 102 грант
Жадыра Оразбаева, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Өңірліер өзінің жергілікті бюджет есебінен қарастырады. Осы бірінші лекте бізде 3 764 грант беру қарастырылған. Дегенмен, Ақтөбе мен Қызылорда облыстары қаражат қарастырылмаған болатын. Енді екінші лек бізде қағидаларға сәйкес 3 айдан кейін жарияланатын болады. Егер де бірінші лекте өтпей қалса немесе қатыса ала алмай қалатын болса, үміткерлер келесі лекте өтінім бере алады.
Дегенмен, бұқараның барлығы бірдей мемлекет мезіретіне қол жеткізе алмайды. Жоба әлеуметтік әлеуеті аз арнай топтарға ғана бағытталады. Бұл ретте үміткерлер келесі санаттарға сай болуы шарт. Мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар азаматтар, өңіраралық қоныс аударушылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар қатыса алады.
әлеуметтік топтар
Мүгедектігі бар адамдар
Қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар азаматтар
Өңіраралық қоныс аударушылар
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және олардың жұбайлары
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және олардың жұбайлары
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар
Жадыра Оразбаева, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы:
- Қайтарымсыз гранттар бізде кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа табыс көзін көздерін қалыптастыруға, азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Осы гранттарға бекітілген қағидаларға сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарынан үміткерлер қатыса алады. Сонымен қатар немесе жұмыссыз әлде тіркелген кәсіпкер ретінде тіркеуде болу керек. Осы жылдан абстап тіркеу мерзімі бір жылға дейін.
Конкурсқа қатысудың міндетті талаптарының бірі өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы. Үміткерлерді іріктеуді конкурстық комиссия жүзеге асырады. Өтінімдерді қарай барысында бизнес-идеяның өміршеңдігі, жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті бағаланады. Қатысу үшін Business.enbek.kz порталына тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет.
Гауһар Оразғалиева, "Атамекен" ҰКП астана қаласы бойынша "оқу орталықтары" кіші комитетінің төрайымы:
- Нарыққа дәл қазір қажет, шынайы сұранысқа сай келетін жобалар қолдау табады. Өз тәжірибемнен айтар болсам, мен мемлекеттік гранттарды бөлу жөніндегі комиссия құрамында болдым. Сол кезде ең көп қолдау алған жобалар негізінен қызмет көрсету саласына қатысты болды. Мысалы, жекеменшік балабақшалар, балаларды дамыту орталықтары, тігін цехтары, шағын наубайханалар және тағы басқа жобалар. Мұнда комиссия үшін ең бастысы – жобаның қолданбалы сипаты. Егер сіздің бизнес-идеяңыз белгілі бір өңірдегі немесе ауылдағы адамдардың нақты қажеттілігін қанағаттандырса және қысқа мерзімде табыс әкеле бастаса, оның қолдау алу мүмкіндігі өте жоғары болады.
Ал грантты иегерлері қайтарымсыз қаржыны құрал-саймандар, технологиялық жабдықтар, ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, кәсіпкерлік нысандарды жалдауға жұмсай алады. Ал тұтынушылық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Атап айтқанда, грант есебінен несиелер мен қарыздарды өтеуге, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға, жер телімдерін алуға, шетел валютасын, бағалы қағаздарды сатып алуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Құрал-саймандар, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар сатып алуға
Ауыл шаруашылығы жануарлары, көшеттер, сатып алуға
Кәсіпкерлік нысандарды жалға алуға
Несиелер мен қарыздарды өтеуге
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға
Жер телімдерін алуға
Шетел валютасын, бағалы қағаздарды және цифрлық активтерді сатып алуға
Қаржы халықтың тұрмысын түзеп, әлеуметтік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Алда да жоба жалғасын табатын болады.
Тегтер #бизнес бастау #кепілдендіру #несие #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz