Ішкі істер министрлігі азаматтарға алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болғанын ескертеді, деп хабарлайды «24KZ».
Соңғы уақытта күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары кездесіп жатыр.
Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді.
«Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды. Сақ болыңыздар! Ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де, сенбеңіздер. Ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеңіздер. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыздар. Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер», - деді ІІМ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ІІМ #қылмыс #алаяқтық #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz