Қазақстанда осыдан 35 жыл бұрын жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстар ашылды, деп хабарлайды «24KZ».
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың көбі 1990 жылдары және 2000 жылдардың басында тіркелген.
Бүгінде мұндай қылмыстар заманауи технологиялардың көмегімен ашылуда. Министрлік базасында молекулалық-генетикалық зертхана жұмыс істейді. Әр сала бойынша цирфлық шешімдер қарқынды дамып келеді.
Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде биыл бұрын жасалған ондаған ауыр және аса ауыр қылмыс ашылды. Жинақталған айғақтар негізінде күдіктілер өз кінәларын мойындап жатыр. Мысалы, Павлодар және Қарағанды облыстарында өткен жылдардағы қылмыс санатынан адам өлтіру деректері ашылды.
ДНҚ-сараптамасы негізгі рөл атқарды. Қазір қылмыскерлер сот шешімін күтіп отыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда, - деді ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ІІМ #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz