RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Видеодан скрин

«Оларға өзгеруге мүмкіндік бердім»: Сәрсемалиев сотта кінәсін мойындады

16.06.2026, 12:37 99

Атырауда бір отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен  өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев сот отырысында өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды «24KZ».

Айыпталушының айтуынша, ол жасаған әрекетінің шектен шыққан қатыгездік болғанын түсінеді.

«Мен тым алысқа кетіп қалдым, қатыгездік таныттым. Бірақ олар өздері себеп болды деп есептеймін. Мұны бір күнде жасаған жоқпын, оларға тоқтауға мүмкіндік бердім, кем дегенде біреуі ойланар деп үміттендім. Алайда төртеуінің де мінез-құлқы мен әрекеті бірдей болды. Мен Қылмыстық кодекстің 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша кінәмді мойындаймын және өзімді ақтауға тырыспаймын», – деді Сұлтан Сәрсемәлиев сот залында.

Оның айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін ол елден кетіп, Түркияға барған,  одан кейін Меккеге аттанған. Сарсемәлиев мұны жасырынып қашу емес, керісінше тәубеге келу әрекеті ретінде түсіндірді.

Сондай-ақ ол Меккеде болған кезінде өзіне қол жұмсау туралы ойлар келгенін айтты. Айыпталушы жасаған ісін түсінетінін бірақ, қаза болған отбасы мүшелері, яғни жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстарын «өздері де кінәлі» деп есептейтінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz