RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да 60 ауылда интернет жоқ

16.06.2026, 13:08 43

Шығыс Қазақстанда 60 ауылда әлі күнге дейін интернет жоқ. Көбі – шалғайдағы елді мекендер. 

Мамандардың айтуынша, біраз ауылда халық саны аз. Енді бір ауыл географиялық жағынан күрделі жерлерде орналасқан. Сондықтан желі жүргізу қиындық туғызып жатыр. «Шекара шебіндегі ауылдарға да интернет жеткізу оңай емес», - дейді жауаптылар. Мысалы, Зайсан ауданындағы Шалқар, Жаңа Тұрмыс, Үлкен Қаратал, Қосқора, Аққойын елді мекендері цифрлық технологиянын игілігін көре алмай отыр. Қазір мамандар ол жаққа интернет тартудың тиімді жолдарын қарастырып жатыр.

Әйгерім Жағалбаева, облыстық Цифрландыру басқармасының бас маманы:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шекара шебіндегі ауылдарды интернет желісімен қамту – басты мақсат. Сондықтан Зайсандағы алты шекаралық елді мекенді талшықты оптикалық байланыс желісімен  жабдықтауды көздеп отырмыз. Бүгінгі күні салалық мекеме өкілдері қажетті материалдарды алып жатыр. Сонымен қатар топографиялық зерттеулер де жүргізіліп жатыр. Жалпы жыл басынан бері облыста 19 ауыл ғаламтор желісімен қамтамасыз етілді. 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz