RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстаннан 1,5 мыңнан астам шетелдік шығарылды

16.06.2026, 13:24 41

Елімізде өткен «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 13 мыңнан астам дерегі әшкереленді, деп хабарлайды «24KZ».

ІІМ мәліметінше, тәртіп сақшылары құрылыс нысандарын, базарлар мен кәсіпорындарды жаппай тексерген. Ведомствоның айтуынша, көші-қон заңнамасының бұзылуына көбіне заңсыз әрі жылдам табыс табуды көздеген азаматтардың өздері себеп болып отыр.

Рейд қорытындысы бойынша елде болу қағидаларын бұзған 9 359 шетел азаматы және оларды заңсыз жұмысқа тартқан 882 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ өздерінде тұрып жатқан шетелдіктер туралы полицияға уақтылы хабарламаған 2 794 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылған.

«Сот шешімімен көші-қон заңнамасын бұзған 1 559 адам ел аумағынан шығарылды. 1 836 шетел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылды», — делінген ІІМ хабарламасында.

Ережені бұзған 122 шетел азаматы елден мәжбүрлі түрде шығарылып, оларға Қазақстанға 5 жылға дейін кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар халықаралық іздеуде жүрген 21 шетел азаматы ұсталды.

Заңсыз еңбек миграциясы ірі қалалар мен өндірістік өңірлерде жиі тіркелген. Мәселен, Ақтөбедегі құрылыс нысандарында 60-қа жуық шетел азаматы заңсыз еңбек еткені анықталса, Астанада жұмыс беруші Африка мемлекеттерінің 6 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан.

Қазіргі уақытта көші-қон заңнамасын жүйелі түрде бұзған 5 жұмыс берушіге қатысты қылмыстық іс қозғалған. ІІМ бұл бағыттағы тексеріс жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz