RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ халықтық дипломатияға басымдық береді 

16.06.2026, 13:34 40

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзінің 25 жылдық тарихында халықтық дипломатияға басымдық беріп келеді. 

Бұл ұстаным мемлекеттер арасында өзара бейбітшілік пен ауызбіршілікті, достық қарым-қатынасты қалыптастыруға сеп болды. Ташкенттегі ШЫҰ халықтық дипломатия орталығында атқырылған жұмыстарға есеп беріліп, алдағы жоспарлар жарияланды. Ұйым тек халықаралық қауіпсіздік мәселесімен ғана емес, барлық сала бойынша ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Соның ішінде экология тақырыбы да назардан тыс қалмайды. Орталық Азиядағы ұйымның орталықтары Сырдария өзенінің бойында былтыр басталған тазалық акциясын жалғастырмақ. Биыл бұл игі іс Қазақстан аумағында жалғасады.  

Кабулжон Сабиров, ШЫҰ халықтық дипломатия орталығының директоры:

- Акцияның 4-ші кезеңін Қазақстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Көрші елдегі әріптестерімізбен бірге және азаматтық альянс өкілдерінің қолдауымен бұл жоба жүзеге аспақ. Жалпы экология мәселесі өңір үшін өзекті. Біз өз тарапымыздан осындай шараларға жастарды тартуға тырысамыз. Себебі келешек ұрпақ табиғаттың қадірін білуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz