RU
Толық нұсқаға өту

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына оң баға берді

16.06.2026, 15:08 242

Халықаралық валюта қорының сарапшылары ел экономикасының даму қарқынын жоғары бағалады. 

Аталған қордың Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Лареш осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, еліміздің экономикалық даму қарқыны тиімді реформалармен байланысты. Ол өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, көлік және құрылыс салаларының өсуін атап өтті. Сондай-ақ оның сөзінше, Қазақстанда инфляция қарқынының біртіндеп бәсеңдеуі және салықтық әкімшілендірудің жетілдірілуі байқалады. Амина Лареш қабылданып жатқан шаралар Қазақстан экономикасының даму қарқынының тұрақтылығын сақтауға ықпал ететінін жеткізді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz