Қызылордада жекеменшік саябақтың 19 жастағы қызметкері екі аяғынан айырылды. Ауыр жарақат алған бозбала қазір облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол «америкалық сырғанақ» аттракционында жылап отырған балаға көмектеспек болып, қауіпті аймаққа өткен. Алайда басқару пультін өшіруді ұмытып кеткен. Сол кезде қозғалып тұрған техника аяғын басып қалған. Саябақ әкімшілігі зардап шеккен бозбаланың отбасына көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Дәрігерлер қажетті ем-дом жасап жатыр.
Жасұлан Баймаханов, облыстық Көпбейінді аурухананың бас дәрігері:
- Ота жасалған, сол жақ сан бөлігінен үштен бір деңгейіндегі ампутациясы. Сол аяқтың тобық буын деңгейіндегі ампутация. Қазір жағдайы өте ауыр, ауыр жарақаттына байланысты қазір реанимацияда қарқынды ем алып жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақсыз.
Әділ Анарбаев, облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы:
- Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда #атракционPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz