RU
Толық нұсқаға өту
Фото: БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев

БҚО-да жеті бас дәрігер пара алды деген күдікке ілінді

16.06.2026, 17:09 41

Батыс Қазақстан облысында медициналық мекемелердің жеті басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды «24KZ». 

uralskweek.kz мәліметінше осы жағдайдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев қызметінен шеттетілді.  

Тергеу мәліметінше, күдіктілер ірі жеке медициналық зертханадан және өзге де жеткізушілерден тұрақты түрде заңсыз сыйақы алып отырған. Олардың қатарында облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері, №1 және №6 емханалардың директорлары, сондай-ақ Жәнібек, Қаратөбе, Теректі және Дариян аудандық ауруханаларының жетекшілері бар.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталғандар өздеріне тағылған айыптарды мойындаған.

Қазіргі уақытта олар үйқамаққа алынған немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Дегенмен, күдіктілердің ешқайсысы қызметінен кеткен жоқ. Олар лауазымдарын атқаруды жалғастырып жатыр, алайда қаржылық шешімдер қабылдау құқығынан айырылған.



Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz