RU
Толық нұсқаға өту

Қайырымдылық қорларының қызметін қадағалау күшейеді

16.06.2026, 19:30 48

Қайырымдылық қорларының қызметін қадағалау күшейеді.

Енді олар бір платформаға біріктіріліп, онда жұмыс жоспары, басым бағыттары, ең бастысы елден жиып жұмсаған әр теңгесінің есебі жарияланып отырады. Бұл ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет. Жауаптылар осылай дейді.

Иә, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мамандары қайырымдылық қорларының қызметін қадағалайтын арнайы сайт жасап жатыр. Онда өзіңіз айтқандай әр ұйымның ақпараты, жұмыс жоспары мен бағыттары көрсетіледі. Есебі ел назарына ұсынылады.

Елде мыңнан астам қайырылымдылық қоры бар. Әділет министрлігіне атауында "қайырымдылық" деген сөзі қосылған осынша ұйым тіркелген. Бұлай дейтініміз, мұндай бірлестіктерді тіркеу үшін арнайы қайырымдылық қызметі деген санат жоқ. Осыдан- ақ саладағы бақылау солқылдақ екенін байқауға болатындай. Санын дөп басып айта алмағаннан кейін, олардың қызметін, қаржы айналымын қадағалау да қиын.  Мәдениет және ақппарат министрлігінің қайымырдылық сұрақтары бойынша жұмыс тобының мүшесі Айнұр Аймурзина осылай дейді

Айнұр Аймурзина, ҚР МАМ Қайырымдылық сұрақтары бойынша жұмыс тобының мүшесі:

- Қайырымдылық қоры деген бөлек форма жоқ, заңды түрде. Барлығымыз үкіметтік емес ұйым дейміз. Яғни ол қоғамдық қор, жеке қор болуы мүмкін. Менің ойымша, қайырымдылық қорларын бөлек салаға, бөлек бағытқа шығару керек. Екіншіден, қайырымдылық қоры үшін аккредитация алу керек.

Дегенмен сең енді қозғалған сыңайлы. Жауаптылар қайырымдылық қорларының қызметін қадағалайтын арнайы платформа жасап жатыр. Онда ұйымдар бір алаңға біріктіріліп, олардың атауынан бастап барлық жұмысы жарияланады. Елден жиып жұмсалған әр тиынына дейін есебі беріледі.

Динара Наумова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мәдениет министрлігі платформаның бастапқы нұсқасын ұсынды. Бұл толыққанды платформа болмақ. Айта кетерлігі, оны әзірлеуге еріктілер де атсалысып жатыр. Яғни IT саласындағы жас мамандар осы жұмысқа қатысуда. Біз бұл процесті бақылап отырмыз. Қандай да бір нақты нәтижелер мен әзірлемелер дайын болған кезде Мәдениет министрлігі оларды жариялап, платформаны іс жүзінде енгізеді деп ойлаймын.

Одан бөлек, қайырымдылық қорлары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есеп беруге міндеттеледі. Ал платформа тіркелмей, елге есеп бермейтін ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Айнұр Аймурзина, ҚР МАМ Қайырымдылық сұрақтары бойынша жұмыс тобының мүшесі:

- Бұл платформа мемлекет тарапынан қадағаланады. Яғни осы саладағы уәкілетті орган Мәдениет және ақпарат министрлігі цифрлық ресурсқа мәліметтерді ұсынып, бақылау жасайды.  Яғни пламформа не туралы? Елімізде жұмыс жасап келе жатқан барлық қайырымдылық қорлары осы платформада  өздерінің қызметі туралы, қайырымдылық бағдарламалы туралы мәліметтерді беру керек. Осы ресурста жылдық есепті ұсынбайтын және есеепті бермейтін ұйымдарға әкімшілік жауаптылық енгізу жоспарланып жатыр.

Ал ІТ компаниясының басшысы Бәтима Мукина әр жинақтың нақты сомасын анықтап, оған шектеу қою керек. Яғни қажетті қаржы жиналғаннан кейін  жинақ шоты банк арқылы бұғатталу  қажет,- дейді. Сонда ғана бақылау мүмкін болып, аста-төк артық ақша жиналмайды дейді.

Бәтима Мукина,  ІТ компаниясының басшысы:

- Егер мемлекет тарапынан осындай платформаны іске қоссақ, мысалы, 500 мың теңге көлемінде қаражат жинау жарияланса, қажетті қаржы жиналған сәтте жинақ автоматты түрде жабылады және басқа платформаларда қайта жарияланбайды. Менің ойымша, дәл осындай тәсіл кез келген мәселе бойынша жүргізілетін қайырымдылық қаражат жинауды бақылауға мүмкіндік береді. Ал қаражат банктік карталарға жиналып жатқанда және біз түскен қаржының шекті мөлшерін көрмейтін болсақ, бұл шынында да өте үлкен мәселе. Сондықтан кейде 50 миллион теңге жинау жарияланып, нәтижесінде 1 миллиард теңге жиналып кетеді.

2023-2024 жылдары 700 қайырымдылық қоры қызметін тоқтатқан. Оның 455-і ерікті, 250-і мәжбүрлі түрде жабылған. Екі жыл бұрын елде 1300-ден астам ұйым болса, биыл олардың саны 1003-ке дейін азайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz