Көкшетауда «Қауіпсіз жол – балалар үшін» атты ауқымды акция өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған шараға бірінші және алтыншы сынып аралығындағы 120 оқушы қатысты.
Құзырлы орган өкілдері балаларға жол ережелерін түсіндіріп, жол апаттарын түрлі қойылымдар арқылы көрсетті. Облыстық прокуротура өкілдері алдағы уақытта акцияның ауқымын кеңейтіп, жазғы лагерьлерді де қамтуды көздеп отыр.
Марат Бақтыбекұлы, Ақмола облысы Прокурорының орынбасары:
- Алдағы уақытта осындай акцияларды жазғы лагерьлерде де өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені жазғы уақытта оқушылардың көбі сонда тынығады ғой. Балаларға барынша жол қауіпсіздігін түсіндіріп, ақпарат береміз. Бір ерекшелігі, біз бұл жерде оқушыларға қауіпсіздік туралы айтып қана қоймай, оны түрлі қойылымдармен көрсетеміз. Бұл балалардың санасына жақсы сіңеді деп ойлаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Көкшетау #балалар #қауіпсіздікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz