RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда жастарға арналған құқықтық квест өтті

16.06.2026, 20:10 32

Қарағандыда студенттер мен оқушыларға арналған «Заң мен тәртіп аумағы» атты құқықтық квест өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен келген жүзге жуық жас қатысты.

Қатысушылар полиция, құтқару қызметі, Ұлттық ұлан, жедел жәрдем және ІІМ академиясының жұмысымен танысып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар мен алғашқы көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді.

Жасқайрат Қайыров, Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары:

- Полиция департаменті ғимаратындағы лабораторияда балаларға квест өткізетін болады. Қазір 20-25 баладан бізге бөлінетін болады. Сол конкурстар адамдардың, қылмыскерлердің іздерін қалай сақтап қалу, қалай ол іздерді табу және электронды бағдарламаны қылмыскерлерге қалай жасау, соның барлығын тек бізден ғана естімейді. Өздері отырып, компьютер арқылы, қарындаш арқылы соны шешетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz