Биыл Қазақстандағы бірнеше ақылы жол учаскесінде орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды «24KZ».
Үкіметтегі брифингте Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет биыл тағы үш негізгі бағытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа жүйе Қарағанды – Алматы автожолы, Өскемен – Талдықорған автожолы және Қорғас – Алматы автожолы учаскелерінде орнатылады.
«Биыл негізгі учаскелер – Қарағандыдан Алматыға дейін, Өскемен – Талдықорған, сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі жолда енгізіледі», – деді Мақсат Баяхмет.
Биыл бірінші тоқсанда орташа жылдамдықты өлшеу жүйесі жұмыс істейтін жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға азайған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ақылы жол #Жолдағы қауіпсіздік #үкімет #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz