RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда 16 мыңнан астам адам алимент төлеуден жалтарып жүр

17.06.2026, 12:20 66

Атырауда 16 мыңнан аса адам алимент төлеуден жалтарып жүр.

Олардың жалпы берешегі 4 миллиард теңгеден асқан. Қазір қала бойынша табысын жасырып, заң алдында міндетін орындамай жүргендерді анықтау үшін ауқымды рейд өтіп жатыр. Мамандар борышкерлердің нақты табыс көзін анықтап, алимент өндіру жұмыстарына күш салды. Жалпы өңірде алимент өндіруге қатысты 11 мыңға жуық атқарушылық құжат орындалу сатысында тұр. Сонымен қатар 96 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал жұмыспен қамту арқылы қарызды өндіру үшін 72 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Нұрайым Нұрлан, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Рейд барысында борышкерлердің автокөліктерін анықтау, ұстау және заң талаптарына сәйкес шараларды түсіндіру шаралары көзделген. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабына сәйкес және ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабына сәйкес сот актілерін орындамағаны үшін қатаң жауаптылық көзделген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz