Елімізде 4 мыңнан астам жұп некеге 2026 жылғы 26 маусымда тұрғысы келеді, деп хабарлайды «24KZ».
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, биылғы жылдың ең сұранысқа ие «әдемі күндерінің» біріне – 26.06.2026 күніне некені мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау 11 маусым, бейсенбі күні аяқталған.
«Дәстүр бойынша ерекше цифрлар үйлесімі бар күндер болашақ жұптар арасында жоғары сұранысқа ие болады. 26.06.2026 әдемі күніне некені тіркеу үшін 4 мыңнан астам өтініш түсті», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, ең белсенді өңірлер еліміздің үш ірі мегаполисі болды:
Алматы қаласы – 830 өтініш
Астана қаласы – 740 өтініш
Шымкент қаласы – 141 өтініш
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ерекше күнPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz