Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков әскерде намаз оқу мерзімді әскери қызметтен босатуға негіз болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Оның айтуынша, әскери бөлімдерде намаз оқуға арнайы уақыт қарастырылмаған, сондай-ақ барлық әскери қызметшілер үшін күн тәртібі бірдей сақталады.
«Ондай біздің күн тәртібінде қарастырылмаған. Сондықтан келген бала әскердің күн тәртібімен қызметін атқарады. Біздің мемлекетіміз — зайырлы мемлекет», – деді Асқар Мұстабеков.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі өкілі Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, діни сенім әскери қызмет тәртібіне әсер етпейтінін атап өтті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #әскер #намаз #қорғаныс министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz