АҚШ-қа жетіп, Ақ үй басшысымен кездесу.
Әлемді жаяу шарлап, Гиннестің рекордтар кітабына кіру. 76-дағы жиһанкез Сәрсенбай Қотырашевтың ендігі мақсаты осы. Шартарапты жаяу аралаған ақсақал осылайша қазақ елін жаһанға танытып, үш жүз жылдық тарихы бар қымыз мейрамын да дәріптеймін дейді.
Ұлытаумен лақап атымен әлеуметтік желіде танымал қария бұған дейін Алтай мен Моңғолия арқылы Бейжіңге жаяу жеткен. Биыл көктемде Сербия, Мажарстан, Австрия, Германия елдерін еңсеріп, сапарын Франция астанасында аяқтаған. Сөйтіп, кәрі құрлықты 53 күн жаяу шарлапты. Сексеннің сеңгіріне жақындап қалған Сәрсенбай ақсақал енді Атлант мұхитын ассам дейді.
Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:
- Бастағанды аяқтау керек қой. Жер шарын айналып өту керек. Азияны өттім. Еуропаны өттім. Енді Америкадан кейін Жер шарын айналып өттіңіз келеді. Бірақ оны қанағат қылмаймын. Гинестер кітабында шығу үшін әлемдік, экваторды периметрінен асыруым керек. Қырық-қырық бір мың километрге жеткізуім керек.
Қарияның айтуынша, ол экватор сызығының 18 мың шақырымын жүріп тастаған. Әлемдік Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін тағы сонша шақырымды жаяу артқа тастауға тиіс. Құрама Штаттарға ұшуға қаржы жағы қолбайлау боп тұр, дейді ақсақал. Сол себепті де Сәрсенбай қария қазір демеушілерді іздеп жатыр.
Сәрсенбай Қотырашев, жиһанкез:
- Демек, Ақ үйді көргіңіз келеді?
- Ақ үйді көріп, Американың президентімен қол алысып амандасуға не жетсін? Қарапайым қазақтың ақсақалы қол алысып амандасты дегеннің өзі бүкіл әлем естіп көреді ғой. Біздің президентімізге де, біздің мемлекетімізге де бүкіл қазақ ұлтының алдында аты шығып, мақтанышқа болатын дәрежеге жетсем.
«Қуғаным атақ-даңқ емес. Қазақстанды дүние жүзіне танытып, қазақ ұлтын ұлықтасам, бұл менің ел алдындағы азаматтық парызымды өтеуім» дейді жиһанкез ақсақал.
Бақыт Топтаева, Бағдат Қайыркен
Тегтер #жиһанкез #саяхатшы #Америка #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz